Аманжолов Тілеш Есімұлы

    Мыңарал ауылдық округінің әкімі

    Аким

    Аманжолов Тілеш Есімұлы

    Мыңарал ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1966 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары.

    1990 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы завод-ЖТОО «инженер-құрылысшы» және 2005 жылы Академик Е.А.Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1990 жылы «Металлургжилстрой» АҚ Культбытстрой басқармасының шебері болып бастаған.

    1991-1994 жылдары «Казметаллургстрой» АҚ Спецпромстрой басқармасының құрылыс зертханаларының дәнекерлеу жұмыстарын бақылау және сапасы жөніндегі инженері, 1996-1999 жылдары Теміртау "Имсталкон-2" монтаждау фирмасының учаске шебері, 1999-2011 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Теміртау қалалық департаментінің қызметкері, 2014-2017 жылдары «Электромонтажстрой-АК» ЖШС шебері, 2019-2022 жылдары «Рыс-Қанағат» ЖШС учаске бастығы қызметтерін атқарған.

    2022 жылдың 05 сәуірінен бастап Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округінің әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері