ТЫНЫШБЕКОВ САМАТ ТОБАБЕРГЕНҰЛЫ

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    ТЫНЫШБЕКОВ САМАТ ТОБАБЕРГЕНҰЛЫ
    Руководитель

    ТЫНЫШБЕКОВ САМАТ ТОБАБЕРГЕНҰЛЫ

    Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1989 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

    2011 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «су ресурстары және суды пайдалану», 2013 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің оқытушысы болып бастаған.

    2015 жылы «Мөлдір» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының аға шебері, 2015-2016 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің әдіскері, 2017 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2017-2019 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, 2019-2021 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2021-2022 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

    2022 жылдың 02 ақпанынан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері