SKILLUP: БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕГЕ ТОЛЫ ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

    1 / 9

    Қорытынды кездесудің арнайы қонағы – IT аналитик, IT ағартушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тимур Бектұр болды.

    «Жасанды интеллектті игерудің келесі кезеңі: прототиптен нақты өнімге дейін» тақырыбындағы тренинг барысында қатысушылар жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерімен, идеяны нақты цифрлық өнімге айналдыру жолдарымен және заманауи технологиялардың даму бағыттарымен танысты.

    Бір айға созылған SKILLUP жобасы аясында 200 ден астам жасты жасанды интеллект, мобилография, цифрлық контент әзірлеу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану бағытында білім алды.

    Іс-шара соңында жобаның қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды. 🎓

    SKILLUP – жастарға жаңа білім беріп қана қоймай, алған дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік жасаған алаң.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары