1 / 5
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Шыбыт елді мекеніне барып, ауызсу ұңғымасының қазіргі жағдайымен танысты.
Елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы «АЛЬКЕН Story Company» ЖШС-і арқылы тереңдігі 350 метр ұңғыма қазылды. Қазіргі таңда ұңғыманы толық іске қосу үшін тиісті шаралар қабылдануда.
Аудан басшысы нысанның жағдайын зерделеп, тұрғындарды тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті мәселелерді шешу және ұңғыманы елді мекеннің ауызсу жүйесіне қосу шараларын пысықтау қажеттігі атап өтілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі








