Атырау облысында аудан әкімдіктерінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.
2026 жылғы 20–23 қазан аралығында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Атырау облысы әкімдігі Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесіп, аудан әкімдіктерінің қысқы кезеңге дайындығын зерделеді.
Зерделеу барысында қар тазалау техникасының әзірлігі, автомобиль жолдарын қардан тазарту, көктайғаққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру және қолайсыз ауа райы жағдайларында қызметтердің жедел әрекет ету дайындығы қаралды.
Сондай-ақ арнайы техникалардың техникалық жағдайына, қосалқы бөлшектермен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне назар аударылды.
Зерделеу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қысқы кезеңге дайындықты тиісті деңгейде қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.








