«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында облыстық тәжірибе бөлісу алаңы

    1 / 6

    ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қазанында «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында облыстық тәжірибе бөлісу алаңы ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжай-бақшасы» КМҚК базасында ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты: пилоттық жоба аясында кәсіпке баулудың инновациялық модельдерін іске асыру тәжірибесін зерделеу, тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді жинақтау және тарату, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту арқылы балалардың еңбекке қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін және бастапқы кәсіптік түсініктерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау.

    Тәжірибе бөлісу алаңында пилоттық жобаға қатысушы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің озық тәжірибелері таныстырылып, жоба аясында атқарылған жұмыстар мен еңбекке және кәсіпке баулудың тиімді әдістері ұсынылды. Қатысушылар шеберлік сыныптары арқылы балалардың еңбекке қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

    Облыстық алаң пилоттық жобаға қатысушы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбекке және кәсіпке баулу жұмыстарының жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетті. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, өзара ынтымақтастығын нығайтуына және тиімді педагогикалық шешімдерді таратуына мүмкіндік берді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша пилоттық жобаны одан әрі тиімді іске асыруға бағытталған ұсыныстар беріліп, озық тәжірибелерімен бөліскен педагогтер марапатталды. Облыстық тәжірибе бөлісу алаңына 50 педагог қатысты.

    Еңбекке баулу - болашаққа бастар жол! Балалардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті, шығармашылық ізденісті қалыптастыру - бүгінгі білім берудің маңызды міндеттерінің бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары