Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өткізілген инклюзивті білім беруден білілктітікті арттыру курстары

    1 / 6

    Педагогтердің инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2026 жылы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

    Атап айтқанда, 2026 жылғы 25 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында облыстың 225 мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогі «Мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзивті білім беру: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері мен әдістері» білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

    Ал 19–30 қазан аралығында 275 бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру практикасы» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды. Курстардың ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрады, оқыту аралас форматта ұйымдастырылды (40 сағаты онлайн, 40 сағаты офлайн)

    Осылайша, 2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстарымен барлығы 500 педагог қамтылды.

    Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша курстарды «EDU MASTER» педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.

    Оқыту сапасын қамтамасыз ету және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес сабақтарға халықаралық деңгейдегі тренерлер тартылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары