Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№40 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында 2026 жылғы 5 қарашада «Көркем еңбек мұғалімі: дәстүр, шығармашылық, шеберлік – 2026» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - педагогтің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби біліктілігін арттыру, жетістікке жеткен көркем еңбек пәні мұғалімдерін анықтау, тәжірибесін тарату.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінен өткен жеңімпаз көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.
Облыстық кезең 3 бөлімнен құрылды: «Таныстырылым» - пән бойынша жұмысын, өзінің және оқушыларының жетістіктерін еркін форматта ұсыну, «Менің сабағым» - сабақтан үзінді және әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы «Шеберлік сыныбы.
Байқау комиссиясы материалдар мен сабақтарды бағалап, екі бағыт бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Ұл балаларға сабақ беретін мұғалімдер арасында:
I дәрежелі дипломмен - Қабиолдин Дәулет Қабиолдаұлы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен - Жансолтан Құсайын, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Азовое орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен - Бекқалый Оралбек, Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен - Сейлғазинов Манарбек Мамырбекович, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қабден Ақынов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен - Кыдырханов Аслан Базарбекулы, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі.
Аталымдар бойынша:
«Жаңашыл ұстаз» - Баспаков Равиль Каирбекович, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі марапатталды.
Қыз балаларға сабақ беретін мұғалімдер арасында:
I дәрежелі дипломмен - Саканова Жанар Мураткызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен – Курманбаева Жанна Турсунгалиевна, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен – Оразқан Сайра, Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Марқакөл ауылының мектеп – интернат-колледжі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен – Нуркасимова Айнаш Буленкановна Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен - Эсманова Альфия Мамутовна, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі.
Аталымдар бойынша:
«Жаңашыл ұстаз» - Аманжолова Алтынай Аманжолқызы, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі;
«Шығармашыл ұстаз» - Глоба Юлия Олеговна, Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Серебрянск қаласының М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі марапатталды. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификат берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








