Мадрид, 2026 жылғы 6 қараша.Қазақ IT-компаниялары«Tech Show Madrid 2026» технологиялық көрмесіне қатысып, цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы инновациялық стартаптар мен озық шешімдерін таныстырды.
Көрме аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) өкілдері Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы тәжірибесіне арналған негізгі баяндамамен сөз сөйледі. Сондай-ақ,процестерді автоматтандыруға бағытталған Q.AI және Alem.ai Global компанияларының Axellero платформасымен бірлескен технологиялық шешімдері ұсынылды.
Маңызды оқиғалардың бірі Қазақстанның мемқызметтерді цифрландыру саласындағы жетістіктерді бағалайтын «Global Public International Innovation Award» санаты бойынша «Global Tech Leaders Awards 2026» халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енуі болды.
«Tech Show Madrid» көрмесіне қатысу Қазақстан мен Испания арасындағы технологиялық ынтымақтастықты дамытудағы кезекті практикалық қадам болып, ЖИ шешімдерін мемлекеттік секторға енгізуге және оларды халықаралық нарықтарға ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









