2026 жылғы 2 қарашада Мадридте Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев испандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еліміздегі саяси өзгерістер болды.
Брифингке La Razón, COPE, TVE және басқа да жетекші испандық БАҚ өкілдері қатысты.
Елші қатысушыларды Жолдаудың негізгі ережелерімен таныстырып, саяси жаңғыру мен елдің одан әрі дамуының басым бағыттарына ерекше назар аударды. Талқылау барысында жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңызы және Мемлекет басшысы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде айқындаған міндеттер қарастырылды.
Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар мемлекетті одан әрі жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған Қазақстандағы саяси өзгерістерді, сондай-ақ олардың Испанияда қалай қабылданатынын талқылады. Сұхбаттасушылар жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңызын және олардың испандық ақпарат кеңістігінде объективті жариялануының қажеттігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








