МЖӘ шеңберінде қуаттылығы 240 және 320 орындық балабақшаларды салу және пайдалану жөніндегі жоспарланған жобалар туралы мүдделерін білдіру сұратуы.
Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласы, Есенберлин көшесі, 84-орналасым мекенжайы бойынша балабақша салу және пайдалану, 240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласы, Есенберлин көшесі, 47-орналасым мекенжайы бойынша балабақша салу және пайдалану, 240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, №36 үй ауданында балабақша салу және пайдалану, сондай-ақ 320 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 53 мекенжайы бойынша балабақша салу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Жоба шеңберінде жеке әріптес тарапынан 240 орындық үш балабақша және 320 орындық бір балабақша салу көзделген.
Жобаны іске асыру саласы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
Жобаны іске асыру орны – Өскемен қаласы;
Объектінің қуаттылығы – 240 орындық 3 балабақша, 320 орындық 1 балабақша;
Құрылыс кезеңі – 2027 жыл;
Пайдалану кезеңі – 28 жыл;
Жобаның мақсаты мен міндеттері – балаларды жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында оқуға дайындау сапасын арттыру және Өскемен қаласы тұрғындары үшін мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін шешу;
Бюджеттен сұралатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары – инвестициялық шығындарды өтеу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
Жоба техникалық жағынан күрделі болып табылмайды.
Жеке әріптес 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды 2026 жылғы 13 қарашадан кешіктірмей мына мекенжай бойынша қабылдайды: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.: 8 (7282) 70-23-62.
Жауапты тұлға: «Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ Инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық даму бөлімінің бас маманы Д. Е. Токтарбекова.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









