2026 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру барысына арналды. Жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен педагогтерді аттестаттау барысы қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуіне назар аударылды.
Кеңесте Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық және оны ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді.
Бұдан бөлек, өзге де маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бюджет, табыс салығы және артық төлемдер, аудандық және қалалық білім бөлімдерін аудан әкімдіктерінің қарамағына беру, еңбек тәртібін сақтау, сондай-ақ білім беру ұйымдары директорларының конкурсы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қаралған мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









