25 қараша 2026 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп жасына дейінгі балалармен«Өнеріміз саған-Қазақстан!»республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты:Отанға деген сүйіспеншілікті, өз елі үшін мақтанышты, ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді қалыптастыру.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 12 аудан/қалаларынан келіп түскен 32 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідейқортынды бойынша келесі номинациялар берілді.
«Үздік би композициясы»(би, хореография) -ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушілері;
«Үздік орындаушы»(ән айту) -ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМКҚтәрбиеленушілері;
«Үздік мәнерлеп оқу»(мәнерлі оқу) -ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленушісіЕрназар Ибраһим Жасұланұлы;
«Үздік оркестр»(Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау) -ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМКҚ тәрбиеленушілеріиеленіп, республикалық кезеңіне жолданып, қалған қатысушыларға қатысқандары үшін диплом мен сертификаттар берілді.
Жеңімпаздардың жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








