ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ


    Алматы облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындардың ластануына жол бермеу және мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

    Атап айтқанда, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға тұрақты мониторинг жүргізіледі. Полицейлер қоқысты белгіленбеген орындарға тастау, темекі тұқылдарын және басқа да ұсақ тұрмыстық қалдықтарды арнайы жәшіктерден тыс жерлерге лақтыру фактілерін анықтап, олардың жолын кесуде.

    Әрбір құқық бұзушымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

    Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

    Қоршаған ортаның тазалығы жекелеген акциялар мен іс-шараларға ғана тәуелді болмауы тиіс екенін түсіну маңызды. Бұл ең алдымен әр адамның мәдениеті, жеке жауапкершілігі және өмірлік ұстанымы.

    Тазалық қарапайым әрекеттерден басталады: көшеге қоқыс тастамау, арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалану және елді мекендеріміздің көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін құрметтеу.

    «Таза Қазақстан» - бұл жай ғана ак�

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары