Түркістан қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, жол инфрақұрылымын жаңғырту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2026–2027 жылдары қала аумағындағы жалпы ұзындығы 110,7 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын 48 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында жолдың жүру бөлігіне екі қабат асфальт жабыны төселіп, жол белгілері жаңартылады.
Бүгінде шаһардағы С. Ерубаев және А. Абдрахманов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар қала аумағындағы автомобиль жолдарының сапасын сақтау, техникалық жағдайын жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









