ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Асқар Бегдаулетұлы Әбубәкіров Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Оның жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Оның ішінде 11 жылдан астам уақыт басшылық қызметтерде еңбек еткен.

    Асқар Әбубәкіров 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Шет тілдерін еркін меңгерген.

    Еңбек жолын 2004 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ ұлттық компаниясында бастаған. Мұнда жетекші маман, бас маман, бас менеджер, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры және жоба директоры қызметтерін атқарған.

    2010–2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бизнесті мемлекеттік қолдау бөлімінің басшысы болды.

    2011–2012 жылдары «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Маркетинг департаментінің директоры қызметін атқарды.

    2012–2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы еліміздегі тұңғыш «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды.

    2013–2021 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Бизнесті сервистік қолдау департаментінің директоры, Адами капиталды дамыту департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, сондай-ақ «Менің Атамекенім» қорының креативті директоры қызметтерінде болды.

    2021–2022 жылдары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

    2022–2023 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Бәсекелестік ортаны зерттеу орталығында жоба менеджері болды.

    2023–2025 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының HR департаменті директорының орынбасары қызметін атқарып, «One Village – One Product» халықаралық жобасының маркетинг тобына жетекшілік етті.

    2025–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті болды.

    2026 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары