Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпыаудандық сенбілік аясында 7 мың түп қарағаш пен 3 мың түп тұт ағашының көшеті отырғызылды. Осылайша, аудан аумағына барлығы 10 мың түп ағаш көшеті егілді.
Қазіргі таңда аудан аумағында ағаш отырғызумен қатар, қолданыстағы жасыл желектерді күтіп-баптау, суару, сарғайған жапырақтарды жинау және ағаштардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында барлық ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына ерекше көңіл бөлінуде.
Жалпыаудандық сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысып, атқарылып жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, туған жердің көркеюіне үлес қосуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









