Талдықорған қаласында 16-20 қараша күндері жүзуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 23 команда сапында 300 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 10 медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Ғалымжан Балабек 400, 800 және 1500 метр қашықтықтарға еркін жүзуден үш дүркін ел чемпионы атанды. Сондай-ақ 200 метрге еркін жүзуден күміс жүлдеге қол жеткізді.
Аянат Бостан 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс медаль иеленді. Дария Тоқтабаева 400 метрге кешенді жүзуден күміс, ал 200 метрге кешенді жүзуден қола жүлдеге ие болды. Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар 4×200 метр қашықтыққа еркін жүзуден өткен ерлер арасындағы эстафеталық сайыста Түркістан облысының командасы қола жүлдегер атанды. Команда құрамында Ғалымжан Балабек, Ерсаян Камал, Шыңғысхан Балабек және Никита Борисов өнер көрсетті.
Осылайша, Түркістан облысының жүзушілері Қазақстан чемпионатында 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









