Астана қаласында өткен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында түркістандық студент алтын медаль жеңіп алды. «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжінің студенті Мұхамедәли Қойшыбек 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Жас атлет жұлқа көтеру сайысында 108 келіні бағындырып, осы жаттығудан кейін көш бастап тұрған Никита Журавлевтен 11 келіге қалып қойды. Алайда серпе көтеру сайысында 150 келіні сәтті көтеріп, жалпы есепте қарсыластарынан басым түсті.
Жеңімпазға алтын медаль мен 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Бұл жеңіс – спортшының тынымсыз дайындығы мен табандылығының, биік мақсатқа деген ұмтылысының нәтижесі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









