Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында паратаеквондодан XI әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додада түркістандық спортшы ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.
63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Қайырғали Юсупбеков – облыстық мүгедектігі бар спортшыларға арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы. Әлемнің үздік спортшылары бақ сынаған жарыста жүлдегер атанған спортшының бапкерлері – Айдос Жақсыбеков пен Розыбай Хайруллаев.
Айта кетейік, Қайырғали Юсупбеков бұған дейін паратаеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы атанған. Түркістан қаласының тумасы Қайырғали Темурханұлының әлем чемпионатындағы бұл жетістігі – табанды еңбегі мен тұрақты дайындығының нәтижесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









