АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАРАСОРА-2026» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізілген «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысына арналған брифинг өтті.

    Есірткінің заңсыз айналымына қарсы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов баяндады.

    Іс-шара аясында 11 жедел топ құрылып, екі мобильді бекет ұйымдастырылды. Жұмысқа өзге де мемлекеттік және құқық қорғау органдарының 55 өкілі тартылды.

    Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 12 тонна 674 келі 631 грамм есірткі заты тәркіленді. 83 есірткі қылмысы тіркеліп, 278 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Синтетикалық есірткі өндіретін төрт жасырын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылып, 32 адам ұсталды.

    Сонымен қатар, есірткіні жарнамалаған 695 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. «Антифрод-орталығы» жүйесіне есірткі бизнесіне қатысы бар 20 470 төлем деректемесі енгізілді.

    «Біздің басты міндетіміз - есірткіні өндіру, тарату және қаржыландыру арналарын жабу, қылмысты ұйымдастырушыларды анықтап, оларды заң аясында жауапкершілікке тарту. Әсіресе, синтетикалық есірткінің интернет арқылы таралуына ерекше назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», - деп атап өтті Бағдат Әшімов.

    Полицияда есірткі қылмыстарына қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып қала беретіні атап өтілді. Басты мақсат - қоғамды, әсіресе жастарды есірткі қаупінен қорғау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары