Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың көп жылғы адал еңбегі, кәсібіне деген беріктігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Кездесу жылы әрі ерекше әсерлі жағдайда өтті. Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев ардагерлерді мерекемен арнайы құттықтап, оларға құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыстады.
Іс-шараның сәнін музыкалық қойылымдар келтірді. Ардагерлер мен полиция қызметкерлері сүйікті әндерін орындап, қызмет жылдарын еске алды, өмірлік оқиғаларымен және әріптестері туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
Жиналғандар үшін бұл кездесу бұрынғы қызметтес достарымен қайта қауышуға, бірге өткерген жылдарды еске алуға және қазіргі полиция буынының ықыласы мен қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берді.
Ішкі істер органдарының ардагерлері қызметтік борышқа адалдықтың, батылдық пен таңдаған мамандығына деген беріктіктің үлгісі болып табылады. Олардың мол тәжірибесі, өмірлік даналығы мен кәсіби дәстүрлері жас қызметке�
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









