Противокрупционные действия

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 2

    ⚖️ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

    «Заң мен тәртіп» акциясын жүзеге асыру аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметте адалдық, ашықтық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Мемлекеттік қызметшінің әрқайсысының жеке жауапкершілігіне, қызметтік әдепті сақтауға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Заңдылық, адалдық және әділдік — қоғамның мемлекетке деген сенімінің негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар