ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3


    ⚖️ Құқық кабинеті – әрбір азаматқа қолжетімді көмек!

    Новохаризов ауылдық округі әкімінің аппаратында құқық кабинеті өз жұмысын жалғастыруда. Мұнда округ тұрғындары заңнамаға қатысты түрлі мәселелер бойынша тегін құқықтық және консультациялық көмек ала алады.

    Заңгерлік кеңес берумен қатар, кабинетте азаматтарға Қазақстан Республикасының түрлі ақпараттық жүйелері арқылы өтініштерді дайындау және жолдау бойынша практикалық көмек көрсетіледі.

    2026 жылы көмек алу үшін 13 тұрғын жүгініп, оларға қажетті құқықтық кеңестер, түсіндірмелер беріліп, қызығушылық тудырған мәселелерді шешу бойынша практикалық қолдау көрсетілді.

    Кабинет жұмысының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына жәрдемдесу.

    Өз құқығыңды білу – оны қорғай білудің негізі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар