🤝 Медиация — өзара түсіністік пен келісім жолы!
Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жұмыс орнындағы жанжалды жағдайларды реттеу және медиация мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында еңбек ұжымында туындайтын түрлі келіспеушілік жағдайлар, оларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері, сындарлы диалог орнату және екі тарапқа да тиімді шешім табу жолдары қарастырылды.
Әсіресе өзара құрмет, бір-бірін тыңдай білу, ортақ мәмілеге келу және ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Медиация — жанжалдардың алдын алудың, өзара сенімді нығайтудың және түсіністік мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




