АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ QONAEV RUN – 2026 ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ

    Алматы облысы полициясының 20 қызметкері Қонаев қаласында өткен Qonaev Run – 2026 облыстық марафонына қатысты. Ауқымды спорттық шараға еліміздің әр өңірінен 1 500-ден астам жүгіру әуесқойы жиналды.

    Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Жүгіру жолына әртүрлі жас санатындағы азаматтар, кәсіби спортшылар, әуесқой жүгірушілер, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар шықты.

    Полиция қызметкерлері өз қатысуымен салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және командалық рухты нығайтуға бағытталған спорттық бастаманы қолдады.

    Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін дене дайындығының маңызы зор. Өйткені төзімділік, тәртіп пен жігер тек спортта ғана емес, қызметтік міндеттерді орындау барысында да аса қажет.

    Мұндай іс-шараларға қатысу денсаулықты нығайтуға, жастарға үлгі көрсетуге және белсенді өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

    Бұл марафондағы басты мақсат тек спорттық нәтиже емес, сонымен қатар қозғалысқа деген құлшыныс, бірлік және әр қатысушының өз мүмкіндігін жеңе білуі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары