Өңірде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты автомобиль жолдарында көктайғақ пайда болу қаупі артады. Сонымен қатар ауа райы жағдайы кенеттен өзгеріп, жауын-шашын түсіп, көріну деңгейі нашарлауы мүмкін.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді рөлде барынша мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Әр сапар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын тексеріп, көліктің техникалық жай-күйін қадағалаңыздар. Жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақытылы ауыстырыңыздар.
Қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтаңыздар, күрт маневрлер мен шұғыл тежеуден аулақ болыңыздар. Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, бұрылыстарда және көріну мүмкіндігі шектеулі жол учаскелерінде аса сақ болу қажет.
Автокөлікті уақытылы дайындау және қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектесетінін ұмытпаңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік қарапайым сақтық шараларынан басталады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









