Облыстық семинар-практикум «Тиімді оқыту мен оқу: сабақтастық, сапалы білім және нәтиже»

    1 / 5

    ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 27 қараша күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті (Т1, Т2) пәні мұғалімдеріне арналған«Тиімді оқыту мен оқу: сабақтастық, сапалы білім және нәтиже»тақырыбында семинар өткізді.

    Семинардың мақсаты:білім беру үдерісінде тиімді оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, танымдық белсенділігін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын құру, тәжірибе тарату.

    А.Ж. Билялова,ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ҚГБ бөлімінің жетекшісі семинар мақсаты, міндеті, мазмұны, маңыздылығымен таныстырды.

    Семинар барысында спикерлер зерттеу, шығармалық, ізденіс жұмыстарын ұсынды:

    -М.К.Мукашева «Әдебиетті оқытудың жаңа кеңістігі: ғылым, тәжірибе, цифрлық технология»;

    - Т.К.Жумабаева «Оқу сауаттылығын дамыту арқылы функционалдық білімді қалыптастыру»;

    - Г.Д.Жолдыбаева «МОДО мен PISA талаптары: оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдістері»;

    -С.А.Тысымбаева «Көркем мәтіннен — өмірлік дағдыға: PISA және ББЖМ (МОДО) тапсырмаларын қазақ тілі мен әдебиеті сабағына кіріктірудің 3 тиімді тәсілі»;

    -Ж. Д.Сәлімжанова « Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың функционалдық және сыни ойлау дағдыларын дамыту»;

    -Г.К.Есенбекова «Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы қазақ тілін меңгертудің нәтижелі әдістері»;

    -М.К.Кенжин «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту: мұғалімнің жаңа мүмкіндіктері және оқушы нәтижесі»;

    -Н.О.Жолмаганбетова «Мәтіннен мағынаға: түсіну, талдау, тұжырымдау»;

    -Ж.М.Байжасарова «Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін тиімді оқыту: сабақтастық, сапа және нәтиже»;

    -М.У.Уразова «Пәнді оқытуда білім алушылардың ақпаратты іздеу, талдау жасау дағдыларын дамыту және алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуға үйрету»;

    -А.З.Абишева «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушыға бағдарланған оқыту: үлгерімі төмен оқушыларды жеке қолдаудың тиімді тәсілдері»;

    -К.К.Кабидоллина « Жеке тұлғаның тілдік дағдыларын дамыта отырып, алған білімін шынайы өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру»;

    -Ж.М.Омарова» Қазақ тілі сабағында 8-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын жасанды интеллект арқылы дамыту жолдары»;

    -К.А. Куйкалакова «Мағынадан модельге: екі сауаттылықтың тоғысуы»;

    -С.А. Деменова «Тиімді оқыту – сапалы білім берудің негізі»;

    -А. Т Джетыбаева «Инклюзивті білім берудегі сабақтастық пен саралап оқыту - сапалы нәтиженің кепілі»;

    -Ж.У Канапьянова «Сабақтастық аясында оқушылардың тілдік дағдыларын жүйелі дамыту: тиімді әдістер мен нәтиже»;

    -А.А. Амангелді « Әдістемелік сабақтастық: тиімді оқытудан — сапалы нәтижеге»

    Тақырып аясындағы ұсынылған жұмыстарға баға беріліп, кері байланыс жасалды.
    Семинарға 60 шақты маман қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары