Сәтбаевта бір тәулікте абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 дерегі анықталды

    Сәтбаев қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы бір тәулік ішінде абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 дерегі анықталды. Құқықбұзушылықтарға жол берген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Тіркелген деректер қаланың санитарлық жағдайы мен қоғамдық орындардың тазалығына қатысты. Тұрғындардың ортақ пайдаланылатын аумақтарды күтіп ұстау талаптарын сақтамауы, құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтарды тиісті орындардан тыс жерге орналастыруы анықталған.

    Тіркелген деректердің бірінде Сәтбаев қаласының тұрғыны тұрғын үй маңындағы аумаққа құрылыс құмын төккен. Ал тағы бір жағдайда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне тұрмыстық қалдықтар қалдырылған. Мұндай әрекеттер қаланың санитарлық жағдайына кері әсер етіп, өзге тұрғындарға қолайсыздық туғызады.

    Жалпы, жыл басынан бері Жедел басқару орталығы арқылы абаттандыру қағидаларын бұзудың 300-ге жуық дерегі тіркелген.

    ЖБО операторлары бейнебақылау камералары арқылы қала көшелері мен қоғамдық орындардағы жағдайды тұрақты бақылап, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты полиция қызметкерлеріне жолдайды.

    Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға шығаруға шақырады.

    Қала тазалығы — ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын қоғамдық ортаға ұқыптылықпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары