КЕГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ЗАҢ ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Кеген ауылдық округінде мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұлттық спорт түрі – көкпарға қатысу мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған ақпараттық материалдарда мемлекеттік қызметшілерге төмендегі негізгі талаптар түсіндіріледі:
🔹 Заң мен әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқару.
🔹 Қызметтік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу – қызметтік уақытты тиімді пайдалану, мемлекеттік ресурстарды жеке мақсатта қолданбау, заңсыз сыйлықтар мен марапаттардан бас тарту.
🔹 Қызметтен тыс уақыттағы әдеп – мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтап, өз іс-әрекетімен мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі.
Мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы – адалдық, әділдік, тәртіп және жауапкершілік.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







