Аудан әкімі Таңат Есенкелдіұлы Кеген, Түменбай және Темірлік ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларды талқылады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өңірдің өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар туралы баяндады.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, Түменбай ауылының тұрғындары көше жолдарының жағдайы, ауызсу мәселесі және жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану жөнінде сауалдарын қойды.
Аудан әкімі көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, әрбір өтініш пен ұсыныстың назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, өзекті мәселелердің заң аясында кезең-кезеңімен шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








