Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесу өтті

    Жезқазған қаласындағы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде полиция қызметкерлері студенттермен кездесіп, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.

    Кездесу барысында студенттерге құқықтық жауапкершілік, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және құқық бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

    Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары