Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

    Ұлытау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

    Жыл басынан бері автокөлікті қасақана басқарудан шығарып, дрифт жасаудың 14 дерегі анықталды. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жастар арасында, соның ішінде үйлену тойларындағы автокөлік кортеждері мен түрлі мерекелік іс-шаралар кезінде тіркелген.

    Аталған деректер бойынша барлық 14 жүргізушінің жеке басы анықталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізушілермен түсіндіру және профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

    Ұлытау облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық жолдарда дрифт жасау мен қауіпті маневрлерге жол беру жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары