КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚЫС-2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

    КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚЫС-2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
    Кентау қаласында қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағытталған «ҚЫС-2026» оқу-жаттығуы өткізілді.
    Командалық іс-шараға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының дайындығын тексеріп, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі пысықталды.
    Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қыс мезгілінде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, күш-құралдардың әзірлігін пысықтау және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру.
    Басты міндет – қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары