1 / 4
КЕНТАУДА АЛЛЕЯЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Қазіргі таңда Кентау қаласындағы Ясауи даңғылы бойында орналасқан аллеяда абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар аясында жаяу жүргіншілер жолындағы тозығы жеткен жабындар жаңартылып, заманауи үлгідегі брусчаткалар төселуде. Сонымен қатар аумаққа жаңа орындықтар мен жарықтандыру шамдары орнатылып, жасыл желекті көбейту мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Құрылыс жұмыстары 2027 жылға өтпелі.
Айта кетейік, қала аумағын көркейту және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта Абай және Төле би көшелеріндегі аллеяларда да жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








