КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 2
    КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
    Бүгін Кентау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Нұрдәулет Данабайұлы Медеуовтің төрағалығымен үйлестіру жиыны өтті.
    Жиынға Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Бекболатұлы Искаков, Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қайрат Серік, департаменттің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Әйгерім Молдарахымқызы, басқарманың бөлім басшысы Үміт Манашова, Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері және қала тұрғыны А. Шамшиева қатысты.
    Кездесу барысында Кентау қаласының орталық «Ынтымақ» алаңында өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің ұйымдастырылуы, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ санитариялық талаптардың сақталуы талқыланды. Сонымен қатар, жәрмеңкені ұйымдастыруға жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру және жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
    Жиын қорытындысы бойынша Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Бекболатұлы Искаков тарапынан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу кезінде санитариялық талаптарды сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары