ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ КӨПІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық маңызы бар «Хантағы – Қаратау қорығы» бағытындағы автомобиль жолында, Үсенбаев көшесінің бойындағы Хантағы өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.
Жобаны мердігер мекеме – «Глобал Инвест Строй» ЖШС жүзеге асыруда.
Жоба аясында атқарылып жатқан негізгі жұмыстарды қала әкімі Жандос Тасов бақылап шықты. Құрылыс барысын сапалы атқаруды жауаптыларға тапсырды.
Көпір ұзындығы – 54,2 метрді құрайды. Қазіргі таңда асфальт салу, айналасын көшеге жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі уақытта нысан құрылысы қарқынды жүргізілуде. Көпір мен кіреберіс жолдарға асфальт жабындысын төсеу жұмыстары мәресіне жетті.
Аталған нысан 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған. Құрылыс толық аяқталған соң, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауына мүмкіндік туады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








