«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРА АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 2
    Шардара қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, көше бойын көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.
    Айта кетейік, өңірде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі 807 елді мекенді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта бекітілген аймақтық жоспар аясында елді мекендердің 90 пайызға жуығын жасыл желекпен қамту көзделіп, облыс көлемінде 4 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланған. Өткен жылы аталған бағытта 1 007 123 түп түрлі ағаш көшеті егілді.
    Көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасуда. Биыл облыс көлемінде 1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Оның 332,5 мыңы көктемгі маусымда егілді. Ал күз айларында 700 мыңға жуық көшет отырғызу жұмысы жүріп жатыр.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары