Жанама ауылдық округінде жастар мен ауыл тұрғындары арасында волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ тұрғындар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, бірлік пен ынтымақтастықты қалыптастыру.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, командалық үйлесімділіктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай спорттық іс-шаралар ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, жастар мен аға буын арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









