Атырауда салық төлеушілерден 14 мыңнан астам өтініш түскен

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Атырауда салық төлеушілерден 14 мыңнан астам өтініш түскен
    БрифингАяқталды

    Оның ішінде артық немесе қате төленген сомаларды есепке жатқызу және қайтару мәселелері де бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және «Байланыс-орталығы» басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльмира Мұханбетжанова мәлімдеді.

    Оның айтуынша, салық төлеуші белгіленген сомадан артық төлем жасаған жағдайда, аталған қаражатты басқа салық міндеттемелерін өтеуге есепке жатқызуға немесе банк шотына қайтаруға болады.

    Мысалы, азаматтың төлеуге тиіс салық сомасы 100 мың теңге болып, 120 мың теңге төлеген жағдайда, 20 мың теңге артық төленген сома болып есептеледі. Егер салық төлеушінің берешегі болса, артық төленген қаражат алдымен сол берешекті өтеуге бағытталады. Ал берешегі болмаған жағдайда, азамат бұл соманы қайтаруға өтініш бере алады.

    – Өтінішті Салық төлеушінің кабинеті, eGov.kz порталы және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беруге болады, – деді Э.Мұханбетжанова.

    Қаражатты қайтару үшін өтініште банк шотының 20 таңбалы IBAN нөмірін, қайтарылатын соманы және қажетті мәліметтерді көрсету қажет. Егер салық бойынша берешек болмаса, өтініш тіркелген күннен бастап қаражат 5 жұмыс күні ішінде банк шотына қайтарылады.

    Сонымен қатар төлем жасау кезінде ЖСН, БСН, бюджеттік сыныптама коды немесе өзге де қажетті деректер қате көрсетілген жағдайда, төлем қате төленген сома ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда төлем құжатының нөмірін көрсету қажет.

    Мемлекеттік баж сомасын қайтару тәртібі де ерекшеленеді. Мысалы, азамат сотқа мемлекеттік баж төлеген жағдайда, алдымен баж төленген мемлекеттік органнан тиісті растау құжатын алуы қажет. Кейін мемлекеттік кірістер органына қаражатты қайтару туралы өтініш береді. Бұл ретте мемлекеттік баж барлық жағдайда қайтарыла бермейді.

    2026 жылдың басынан бері мемлекеттік баж бойынша бюджетке 3 млн 49 мың 514 теңге, ал әкімшілік айыппұлдар бойынша 4 млн 132 мың 389 теңге түскен.

    Түсіндіру жұмысы және "Байланыс-орталығы" басқармасы

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    ХҚКО мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қабылдау тәртібі, ола...

    КездесуАяқталды

    Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесу өтті

    2026 жылғы 14 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы Арыстанбековамен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріст...

    КездесуАяқталды

    Әлеуметтік төлем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу

    2026 жылғы 11 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының әлеуметтік төлем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге қатысты. Іс-шара барысында салық төлеушілердің есептілі...

    Рабочая поездкаАяқталды

    Департамент басшысының Құрманғазы ауданына жұмыс сапары

    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Кенжеғазы Есембеков жұмыс сапарымен «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктіне барды. Сапар барысында өткізу пунктінің инфрақұрылымына тексеру жүргізіліп, жұмысты ұйымдастыру жағдайлары зерделенді. Құрманғазы ауданы әкімдігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жә...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    2026 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша түсімдер

    2026 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 1 трлн. 490 млрд теңге түсіп, белгіленген болжам 93,6 пайызға орындалды. 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 114% немесе 183 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. Оның ішінде: - Республикалық бюджетке 1 трлн. 131 млрд теңге түсіп, жоспа...

    БейнеконференцияАяқталды

    Тікелей эфир Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті күні 14.11.2021 уақыты 10.00 тақырыбы: кедендік тексерулер

    Тікелей эфир Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті күні 14.11.2021 уақыты 10.00 тақырыбы: кедендік тексерулер