
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Кенжеғазы Есембеков жұмыс сапарымен «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктіне барды.
Сапар барысында өткізу пунктінің инфрақұрылымына тексеру жүргізіліп, жұмысты ұйымдастыру жағдайлары зерделенді. Құрманғазы ауданы әкімдігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және фитосанитариялық қызмет өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Сондай-ақ көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мемлекеттік шекарадан өту, бақылауды ұйымдастыру және жүк автокөліктерінің қозғалысына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар «CarGoRuqsat» электрондық кезегінің ұйымдастырылуына, ақпараттық жүйелердің жұмысына және жүк автокөліктерін рәсімдеу уақытына әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша автокөлік қозғалысын ұйымдастыру, тексеру іс-шараларын өткізуді қатаң бақылауға алу тапсырылды.