Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық кәсіпкерлікті қолдау шараларын талқыға салды

    1 / 3

    Атырауда бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында Бірыңғай есеп беру күні өтті. Оған облыс әкімі Болат Ақшолақов, облыс прокуроры, мемлекеттік органдар басшылары, Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Кенжеғазы Есембеков іс шара барысында есеп берді.

    — Ағымдағы кезеңде мемлекеттік бюджетке 2 157 млрд. теңге түсті. Бұл белгіленген 2 183 млрд. теңге болжамның 98,8%-ын құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет түсімдері 312,0 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға өсті. Сонымен қатар,2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Атырау облысында 288 529 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,7%-ы электрондық түрде, — деді Департамент басшысы.

    Өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оларда 125 мыңнан астам еңбек етеді. 2026 жылы бизнесті қолдауға 6,3 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

    Кездесу ашық микрофон форматында өтіп, кәсіпкерлер бизнес жүргізуге қатысты ақпарат алуға мүмкіндік беретін цифрлық платформа құруды ұсынды. Болат Ақшолақов келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметтерді — әлеуметтік сала, кадастр, құрылыс, жобалау-сметалық құжаттама тіркеу және бақылау рәсімдерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру көзделіп отырғанын айтты. Бұл жұмыстарды 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

    Айтылған өтініштер түгелдей хаттамаға енгізілді. Олардың әрқайсысын кезең-кезеңімен шешу кестесі құрылады. Ал өтініш иелерінің кейбіріне кездесу барысында-ақ жауап берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары