
2026 жылғы 11 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының әлеуметтік төлем алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында салық төлеушілердің есептілік тапсыру тәртібі, тауарларды өткізу кезінде қолданылатын бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) пайдалану талаптары және чектерді қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.