ҚР Қаржы вице-министрі Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

    1 / 10

    2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Ерикович Биржанов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

    Іс-шараға бизнестің түрлі санаттарының 150-ге жуық өкілі қатысып, тағы200-ге жуық қатысушы кездесуге онлайн форматта қосылды. Кездесуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

    Кездесу барысында вице-министр Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Талқылаудың негізгі бөлігі салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелеріне, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмысына, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің жекелеген мәселелеріне арналды.

    Әсіресе өңір кәсіпкерлері қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Бизнес өкілдері салық заңнамасын жетілдіру, оның ішінде жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі өз ұсыныстарын білдірді.

    Кездесу барысында қаралған мәселелер бойынша қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстар мен өтініштер белгіленген тәртіппен одан әрі пысықтау үшін қабылданды.

    Тұрғындармен кездесу аяқталғаннан кейін ҚР Қаржы вице-министрі Е.Е. Биржанов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Брифинг барысында Қаржы министрлігі қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, журналистердің сұрақтарына жауаптар берілді.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауға, пікір алмасуға және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ұсыныстарды қарастыруға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары