ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылдың қараша айының 10 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:
1. «Білім бөліміне қарасты мекемелердің, балабақшалардың 2026 жылда қысқа дайындығы туралы есебі»
2. «Арыс қаласының денсаулық сақтау мекемелерінің 2026 жылы жылытуға дайындықтарытуралы»
3. «Арыс жылу КМК-нің 2026 жылы қысқа дайындығы туралы есебі»
4. «Арыс қаласының Жер қатынастары бөлімінің 2026 жылы атқарған және атқаратын жұмыстарының есебі»
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.
Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









