САЛЫҚТЫҚ БЕРЕШЕКТІ ДЕБИТОРЛАРДЫҢ ШОТТАРЫНАН ӨНДІРІП АЛУ ТӘРТІБІ

    Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі №214-VIII Салық кодексінің 186-бабына сәйкес, салық төлеушінің салықтық берешегін оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу көзделген.

    Дебитор дегеніміз кім?

    Дебитор – салық төлеушінің алдында ақшалай берешегі бар жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент.

    Дебиторлық берешек есебінен өндіріп алу қандай жағдайда жүргізіледі?

    Салық төлеушінің салықтық берешегі заңнамада белгіленген шекті мөлшерден асқан және оның банктік шоттарындағы ақша есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылғаннан кейін берешек өтелмеген жағдайда, өндіріп алу дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға қолданылады.

    2026 жылы аталған шара салықтық берешек 45 айлық есептік көрсеткіштен (194 625 теңгеден) асқан жағдайда қолданылады.

    Дебиторлық берешекті анықтау тәртібі

    Мемлекеттік кірістер органдары дебиторларды анықтау мақсатында:

    • Салық органдарының ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдаланады;

    • Салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды анықтау бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы;

    • Дебиторларға қарсы салықтық тексеру жүргізуге құқылы;

    • Дебиторларға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жолдайды.

    Дебитордың міндеттері

    Дебитор хабарламаны алғаннан кейін салық органына салық төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін немесе заңнамада көзделген жағдайда өзара есеп айырысуларды растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

    Хабарлама орындалмаған жағдайда

    Салық органы:

    • Дебиторға салықтық тексеру жүргізеді;

    • Хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде дебитордың банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

    Салықтық берешекті өндіріп алу

    Дебиторлық берешек расталған жағдайда салық органы дебитордың банктік шоттарына инкассолық өкімдер шығарады.

    Инкассолық өкімдерді шығаруға мына құжаттардың бірі негіз болады:

    1.Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісі;

    2.Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі;

    3.Заңды күшіне енген сот шешімі.

    Өндіріп алу салық төлеушінің өтелмеген салықтық берешегі сомасында, расталған дебиторлық берешек шегінде жүзеге асырылады. Салық төлеуші немесе дебитор салықтық берешекті өтеген жағдайда, дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдер кері қайтарып алынады. ҚР Салық кодексінің 184, 185 және 186-баптары.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары