Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудан аумағында жүргізіліп жатқан күзгі көшет отырғызу жұмыстарының барысы талқыланды. Осы мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының барысы және газдан уланудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар. Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нәлібай Саттар Жұмаділдаұлы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Арын Дулат Ержанұлы баяндама жасады. Баяндамаларда жылыту маусымына дайындық, қауіпсіздік талаптарын сақтау және тұрғындар арасында газдан уланудың алдын алу шаралары қамтылды.
Сондай-ақ мәжілісте хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бұл бағытта ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Кизбаев Мураділ Шекербекұлы баяндама жасап, тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты сала басшыларына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









