АРЫСТА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН КӨШЕТ ТАРАТЫЛДЫ

    1 / 4

    «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жасыл Арыс – Жарқын болашақ» акциясы барысында қала тұрғындары мен кәсіпорындарға, мекеме-ұжымдарға 700 түп ағаш көшеті тегін таратылды.
    Таратылған көшеттердің барлығы Арыс топырағында өсірілген ағаш тұқымдарынан алынған. Яғни, жергілікті климатқа бейімделген. Көшеттердің жерсіну көрсеткіші 90 пайызды құрайды. Олардың қатарында қараағаш, айлант, үйеңкі және сабын тал бар.
    Көшеттерді тұрғындар өз аулаларына, ал кәсіпорындар мен мекеме ұжымдары өздеріне тиесілі аумақтарға отырғыза алады. Бұл бастама қаланың жасыл желегін көбейтіп, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған.
    Арыста тұрғындарға тегін көшет тарату жұмыстары игі дәстүрге айналған. Жыл сайын көктемгі және күзгі көгалдандыру маусымдарында жергілікті тұқымбақта өсірілген көшеттер көпшілікке үлестіріліп келеді. Осылайша, қала тұрғындарының да туған жерді көгалдандыру ісіне белсенді араласуына мүмкіндік жасалуда.


    Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары