Вакцинациядан бас тарту қандай салдарға әкеледі?

    Вакцинациядан бас тартудың негізгі салдарының бірін - ұжымдық иммунитеттің бұзылуын қарастырайық.
    Жаппай вакцинациядан бас тартудың аса маңызды салдарының бірі – ұжымдық иммунитет деңгейінің төмендеуі.
    Ұжымдық иммунитет – халықтың жеткілікті бөлігінде белгілі бір инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасқандықтан, оның таралуы едәуір қиындайтын жағдай.
    Адамдардың басым бөлігі вакцинация арқылы қорғалған кезде инфекцияның берілу ықтималдығы төмендейді. Бұл, әсіресе, медициналық көрсетілімдерге байланысты вакцина ала алмайтын немесе вакцинаға иммундық жауабы жеткіліксіз адамдар үшін аса маңызды.
    Вакцина алмаған адамдар саны артқан кезде:
    • инфекцияға бейім адамдардың саны көбейеді;
    • қоздырғыштың берілу ықтималдығы артады;
    • эпидемиялық өршулердің пайда болуына қолайлы жағдай қалыптасады;
    • медициналық тұрғыдан қауіп тобына жататын адамдардың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылайды.
    Сондықтан, вакцинациядан бас тартпай, екпелерді уақытылы алайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары