Мемлекеттік еңбек инспекциясыкомитетініңБҚО бойынша департаментіазаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды тұрақты негізде бақылауда ұстайды.
Мәселен, келіп түскен өтінішті қарау барысында «DOMBYRA PLUS» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорын басшылығымен және ұжымымен жан-жақты түсіндіру әңгімесі өткізілді. Инспекторлар еңбек қатынастары–бұл екіжақты процесс екенін, онда жұмыс беруші шарттарды уақтылы жасасуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді, оның ішінде қызметкердің жұмысқа кіріскен алғашқы күндерінен бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сөзсіз сақтауды толық көлемде қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салды.
Еске саламыз: еңбек заңнамасын сақтау меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









